Жаңалықтар

2016 жылы ҰБТ тестілерінің базасы баршаға қолжетімді болмақ

ашық дереккөзі

2016 жылы ҰБТ тестілерінің базасы баршаға қолжетімді болмақ

Жаңа жылдан бастап ҰБТ тестілерінің базасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов онлайн конференция барасында хабарлады.

 Ата-аналардың бірі оқушылардың апта сайын алдын ала тестілеуден өтіп тұратындығын, ол тестілеудің құны әр балаға 360 теңге болатынын айтып, министрлікке шағымданған көрінеді. Аслан Сәрінжіпов даярлық сынақтары оқушының өз еркімен жүргізілетінін алға тартып, шағымның негізсіз екенін айтты:

 – Алдын ала сынақтар ҰБТ-ға қарсаңында дайындықты шыңдау дәне аталған пәндер бойынша бала білімін анықтау үшін қажет. Түлектер аталған сынаққа өз еркімен қатысады. Мектеп әкімшілігінің оларды күштеуге немесе әдістемелік құралдарды сатып алуға мәжбүрлеуге құқы жоқ, – деді министр. Ол тестілеуге күштейтін фактілер болған жағдайда жергілікті білім беру саласын қадағалау департаментіне шағымдану керегін ескертті. Сонымен қатар, Аслан Сәрінжіпов жаңа жылдың жаңалығымен бөлісті:

– 2016 жылдың қаңтарынан бастап, ҰБТ тестілерінің базасы Білім және ғылым министрлігінің және Ұлттық сынақ орталығының сайттарында жарияланады, – деді ол.