Егістіктен – сөреге: Шелек фермерлері супермаркеттерге көкөністер жеткізілімін бастады
Егістіктен – сөреге: Шелек фермерлері супермаркеттерге көкөністер жеткізілімін бастады
«Шелек фермерлері» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі («Фермеры Чилика») республикалық супермаркеттер желісіне көкөністер жеткізілімінің басталғаны туралы хабарлады. «Шелек фермерлерінің» өнімі Алматы қаласындағы «Арзан» супермаркеттер желісінде және Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен қалаларындағы «Метро Cash&Carry» сауда орталықтарында сатылатын болады.
Осы маусымда «Шелек фермерлері» Қазақстанның супермаркеттеріне, оның ішінде томат пастасы мен кетчуп шығаратын ірі өндірістік кәсіпорындардың бірі «ЦинКаз» ЖШС-не - 300 тоннадан астам көкөністі жеткізуді жоспарлап отыр, бұл 2018 жылға қарағанда екі есе көп.
Қазақстанның ірі қалаларының тұрғындарына қолжетімді болады:
қызанақ, жылыжай сорттары, жаңа қызғылт, қызыл және черри; бұрыш - ласточка, мазурка, ред джет, бағдаршам, болгар қызыл және жасыл, жартылай ащы, өткір чили; қияр, корнишондарды қоса алғанда; екі сортты кәді - алмаз және қара ханзада; картоп және алма, қарбыз бен құлпынай сияқты басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері.Биыл «Шелек фермерлері» көкөніс қабылдау пункті мен сұрыптау пунктін салып жатыр, сондай-ақ супермаркеттердің өтініші бойынша авторефрижератор сатып алынды. Сұрыптау пунктінде ауыл шаруашылығы өнімдері сұрыпталады және брендтелген ыдысқа салынады. Содан кейін ол көкөніс қоймасында салқындатылады, ал таңертең өз иелігіндегі рефрижератор көкөністерді Алматы супермаркеттеріне жеткізеді.
«Бір жыл бұрын «Шелек фермерлерінің» өнімдері біздің Алматыдағы сауда орталығымызда пайда болды және бірден біздің тұтынушыларымыздың лайықты бағасын алды. Кооператив тауарларын сақтау және тасымалдау жүйесіндегі соңғы өзгерістердің арқасында бізде «Шелек фермерлері» өнімдерін біздің дүкендеріміз орналасқан басқа да қалаларға жеткізу мүмкіндігі бар. Біз бізбен бірге өнім жеткізушілеріміздің өсіп, дамып келе жатқанына қуаныштымыз, себебі мұның нәтижесінде елдің экологиялық таза ауданында өсірілген табиғи, жергілікті өнімді сатып алуға мүмкіндігі бар қазақстандық тұтынушы жеңеді», - деп түсіндірді METRO Cash&Carry коммерциялық директоры Наталья Мархиева.
«Шелек фермерлері» жобасын Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры (ЖҚҚ) 2014 жылдан бастап «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының қолдауымен іске асырады және ол фермерлік шаруашылықты жүргізудің барлық кезеңдерін қамтиды –жоспарлау мен тұқымдарды отырғызудан бастап фермердің соңғы пайданы алуына дейін.Кооперативке кірген фермерлер тренингтерге, семинарларға белсенді қатысады, Агробизнес-орталықта агрономдармен кеңеседі, сондай-ақ басқа өңірлерден келген фермерлермен тәжірибе алмасады. Агробизнес-орталық заманауи агротехнологияларға, логистикалық тізбекті құру негіздеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы менеджмент пен маркетингке үйретеді. Фермерлер тамшылатып суару әдісін, аспаларда қызанақты өсіру, мульча-таспасын қолдануды, арка жылыжайларын пайдалану және басқа да озық технологияларды игеруде.