Жаңалықтар

Франция Сириядағы шабуылдарды күшейтуге ниетті

ашық дереккөзі

Франция Сириядағы шабуылдарды күшейтуге ниетті

 Франция президенті Фрасуа Олланд Сириядағы лаңкестік топтарға қарсы әуе соққыларын күшейтуге ниетті. Ол мұндай жоспарларын Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесу барысында мәлім етті.

Басқосуда  Франция басшысы лаңкестікпен күресу мақсатында «Шарль де Голь» ұшақ тасымалдайтын кемесінің Сирия жағалауына жеткенін хабарлады. Ал Ұлыбритания үкіметінің басшысы ағылшындардың Кипрдегі әскери қоймасын француздарға террористерге қарсы шабуылдау үшін қолдануға беруге дайын екенін жеткізді.

“Біз Сириядағы лаңкестік топтарды шабуылдауымыз керек. Әуе соққыларын күшейтеміз. Террористер үшін маңызды деген аумақтар мұқият бақылауға алынады. Жақында Сирияға осы миссияны орындау үшін арнайы ұшақ тасымалдаушы кеме жібердік. Әскери операция әрі кетсе 4 айға созылуы мүмкін”, – дейді Франсуа Олланд.