Жаңалықтар

Қазақстанның үздік тауары қайсы?

ашық дереккөзі

Қазақстанның үздік тауары қайсы?

Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік іріктеу байқау-көрмесі өтті Экспорттық комиссия өңірлік тур барысында елордада өндірілетін үздік тауарларды үш номинация: «Өндірістік бағыттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықтады. Салтанатты шарада Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен конкурстың отандық өндіріс тауарларын, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуда маңыздылығын атап өтті. «Біз өз еңбегімен бизнесті дамытып жатқан адамдарды көріп, қуанып отырмыз. Бұл аса маңызды, себебі біздің қаламыз да көркейіп, дамып жатыр. Қала басшылығы біздің тауар өндірушілеріміздің деңгейін арттыруға баса назар аударып отыр. Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен қала тұрғындарына қатысқандары үшін алғыс айтамын. Қалалық әкімдіктің атынан жеңімпаздады құттықтап, толағай табыстар тілеймін!», - деді Бақтияр Мәкен.