Қазақ баласы "Славян базарында" көш бастап тұр
Қазақ баласы "Славян базарында" көш бастап тұр
«Витебск-2019» XXVIII халықаралық эстрада әндерін жас орындаушылар байқауының бірінші күні өтті. Онда қазақстандық қатысшулы Әлихан Макин көш бастап келеді.
Байқауға қатысушы 16 өнерпаз түрлі құрлықтан келген. Олардың мәдениеті мен діндері де әртүрлі, бірақ олардың барлығын бір дүние - музыка байланыстырып отыр. Байқауда жеребе бойынша бірінші болып Беларусь әншісі Ваня Здонюк өнер көрсетіп, 82 ұпай алды.
Одан кейін Қытайдан келген әнші Сыин Ли «Катюша» әнін шырқап, 71 ұпайға ие болды. Қазақ әншісі Әділхан Макин әнді керемет орындап қана қоймай, грэпплинг трюгін көрсетіп, таңғалдырды. Осылайша, ең жоғарғы көрсеткіш – 89 ұпай алды. Сонымен қатар, байқауда Израиль өкілі Илай (87 ұпай), украиндік Дмитрий Бабак (86 ұпай), грузиялық Георгий Путкарадзе (86 ұпай), ресейлік Иван Дятлов (85 ұпай), литвалық Паулина (85 ұпай), Мальтадан келген Чесс (82 ұпай), армениялық Моника Манучарова (78 ұпай), болгариялық Ники Танев, германиялық Эмин өнер көрсетті.
Айта кетейік, «Витебск-2015» XXIV эстрада әндерін орындаудың халықаралық байқауының Гран-приін қазақстандық жұлдыз Димаш Құдайберген де иеленген болатын.