Желтоқсан айында "Құнанбай" фильмі прокатқа шығады

Желтоқсан айында "Құнанбай" фильмі прокатқа шығады

Желтоқсан айында "Құнанбай" фильмі прокатқа шығады
ашық дереккөзі

«Құнанбай» тарихи көркем фильмі 3 желтоқсаннан бастап жалпыұлттық прокатқа шығатын болады. Фильм қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлына арналған.

«Қазақфильм» Акционерлік қоғамының баспасөз қызметі ұсынған хабарламада: «Дарынды қазақстандық кинорежиссер, сценарийші,  театр және кино актері, продюсер, Қазақстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» тарихи көркем фильмі  прокатқа шығады» деп жазылған.

Аталмыш көркем фильм Құнанбай Өскенбайұлының өімірімен қатар ХІХ ғасырдағы елдің жағдайына арналады.  Сценарий авторлары – Досхан  Жолжақсынов және Таласбек Әсемқұлов. Фильм Құнанбайдың туған жерінде, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл кентінде және Алматы облысында түсірілген.