Әлібек Әлденей – «Nur Otan» партиясының хатшысы

Әлібек Әлденей – «Nur Otan» партиясының хатшысы

Әлібек Әлденей – «Nur Otan» партиясының хатшысы
ашық дереккөзі
Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-дегі парақшасында: «Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды», –  деп жазды. Әлібек Әлденей әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет атқарған. 2015 жылдан бері «Алматы» телеарнасын басқарды. 2019 жылғы сәуірден Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.