Тәжік билігі халық санағы кезінде азаматтардың діни сенімін анықтайды
Тәжік билігі халық санағы кезінде азаматтардың діни сенімін анықтайды
Тәжік билігі халық санағы кезінде азаматтардың діни сенімін анықтайды
Тәжік билігі кезекті халық санағы кезінде Тәжікстанда түрлі дін өкілдерінің қанша екенін анықтауды көздеп отыр.
Тәжікстан парламенті төменгі палатасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің өкілі Абдухалим Гаффоровтың айтуынша, республикада тұрғындардың дені ислам дінін ұстанады, бірақ бұны халық санағы кезінде нақтылау керек.
"Біз халықтың 90 пайыздан астамы мұсылман дейміз. Халық санағы барысында қанша мұсылман, қанша христиан, қанша атеист және басқа да діндер өкілдері бар екенін анықтаймыз", - деді депутат.
Оның айтуынша, мұндай мәлімет мемлекеттік органдарға, сонымен бірге Тәжікстан билігімен әріптес халықаралық ұйымдарға қажет.
Әлемнің көптеген елінде халық санағы барысынды діни сенімі туралы сұрақ жоқ немесе мұндай сауалға жауап беру міндетті емес.
Тәжікстанда исламға жатпайтын 70-тен астам діни ұйым тіркелген. Тәжік билігінің діни ұйымдар мен ислам дінінің түрлі ағымдарына қысым жасап отырғанын халықаралық ұйымдар мен батыс елдері үнемі сынап жүр.