Брюссельде Париждегі терактіге қатысы бар күдіктілер тұтқындалды

Брюссельде Париждегі терактіге қатысы бар күдіктілер тұтқындалды

Брюссельде Париждегі терактіге қатысы бар күдіктілер тұтқындалды
ашық дереккөзі

Брюссельде полиция Париждегі терактілерге қатысы бар 16 күдіктіні тұтқындады. Күдіктілер 22 қараша күні кешкісін қолға түскен.

Бельгия федералдық прокуратурасының өкілі Эрик Ван Дер Сипттің хабарлауынша, қолға түскендердің арасында жарылысқа басты күдікті, Франциядан шыққан содыр Сала Абделслам жоқ. Әзірге Бельгия билігі күдіктілерге қатысты өзге ақпарат бермеген. Өйткені мұның барлығы тергеу құпиясы болып саналады.

Полиция Брюссель маңындағы 19 үйді және елдің оңтүстігінде орналасқан Валлония аймағының Чарлеруа қаласындағы үш үйді тексеріп шыққан. Тексеру барысында ешқандай қару-жарақ, жарылғыш зат табылмады.