Жаңалықтар

Димашқа пародия жасаған бойжеткен желі жұлдызына айналды

ашық дереккөзі

Димашқа пародия жасаған бойжеткен желі жұлдызына айналды

Желіде моңғолиялық бойжеткеннің Димаш Құдайбергенді пародия жасаған видеосы жарияланды. Аталған бейне әп сәтте танымалдыққа ие болды. отандасымыз Димаш та өзіне пародия жасаған әнші қыздың өнеріне тәнті болып желідегі жеке парақшасына жазба қалдырды. «Өте қызық пародия. Бұл қыз маған өзімнен де қатты ұқсайды ғой. Өте талантты жұмыс», - деп жазды Димаш Құдайберген. Бұл - моңғолиялық «Яг туун шиг» телешоуында өнер көрсеткен моңғол қызы Б.Халиун болатын. Ол Қытайда өткен I am a singer жобасында Димаш шырқаған «S.O.S d'un terrien en détresse» атты француз әнін орындады.