Тамара Дүйсенова қызметінен кетті

9 шілде, 2019 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Тамара Дүйсенова қызметінен кетті Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Nur Otan» партиясының хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды. «Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты», -  деп жазды Бауыржан Байбек. Сонымен қатар ол нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тіледі.