Бердібек Сапарбаев: Жұмыс істемейтін әкімдер орнын босатсын!

Бердібек Сапарбаев: Жұмыс істемейтін әкімдер орнын босатсын!

Бердібек Сапарбаев: Жұмыс істемейтін әкімдер орнын босатсын!
ашық дереккөзі

Ақтөбе облысының аудандарын аралау барысында жергілікті шенеуніктердің жұмысына көңілі толмаған Бердібек Сапарбаев қолынан іс келмейтіндердің орын босатуына тура келетінін ескертті.

«Кеше мен екі ауданға бардым. Республикалық жолдарды тазартып жаткан бір техника жоқ. Жігіттер, қазір қар жиналып қалады. Ертең оны тазалай алмаймыз. Ақтөбе қаласының әкіміне де тапсырма бердім. Қар жауса оны тазалау керек. Ауылға барсаң, ауыл тұрғындары «қардан жүре алмаймыз» деп ренжиді», – деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. Аймақ басшысы облыс активінде өткен жиын барысында өңірдің экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштерінің де көтерілмей отырғанын сынға алды. Президент «Ақтөбе қаласы еліміздегі ең ірі заманауи төрт урбанистік қаланың қатарына енеді» деген болатын. Ақтөбе агломерациясының өндірістік дамуы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына негізделген. Бірақ облыс әкімі 10 айда ешқандай іс тындырылмағанына, берілген тапсырмаларлың орындалмағанына кейіс білдірді: «Ет, нан, сүт жөніндегі тапсырма орындалмай отыр. Картоп пен көкөністің егілуі де маскара! 3,5 мың гектар жерге көкөніс егеміз. 5 мың гектар жерге картоп егеміз. Бұлай өзімізді қамти алмаймыз. Сосын отырамыз, басқа жақтан әкеліп… Экспортқа ет шығару жөніндегі берілген тапсырма бүгінгі таңда 35 пайызға орынбалып тұр. Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл аудандарында 0 пайыз. Бұл не? Жұмыс па? Сонымен қатар, желтоқсан айының ортасына дейін қай жерге не егілетінін анықтап болуымыз керек. Және жоғары сортты өнім алуымыз қажет. Облыста 100-ден аса гектар жерде ештеңе егілмей бос жатыр. Бос жатпау керек. Ең болмағанда шөп, арпа, тары егу керек», – деп Бердібек Сапарбаев жері кең, топырағы құнарлы жерде отырып, халықты ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ете алмайтын аудан әкімдеріне шүйлікті. Әкім қолынан іс келмейтіндерге орындарын босатуды сұрады: «Мысалға, Темір ауданында болсын, біршама өзен-көл бар. Биыл сенде кем дегенде осынша гектар суармалы егін болу керек. Әкімнің міндеті осы! Қолынан келмей ме, орынды босату керек. Шаруа бітті, сонда. «Көндіреміз» деп айта-айта шаршадық. Бұлай істемесек болмайды. Кадр жөнінде де өздеріңіз ескеріңіздер. Өткенде Елбасы айтты. Әсіресе, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кісілер ойлануы тиіс. Әкімдермен кездескен кезде де сіздерге айтқан болатынмын. Облыста да, ауданда да кадрлық резерв жоқ. Аппарат онымен айналысу керек. Кадр үлкен проблема!», – деді Сапарбаев. Жыл бітуге таяу. Соңғы бір айда көрсеткіштерді көтере алмаса, аудан басшыларының төбесіне қара бұлт төнгелі тұр.