Қазақстан астанасында қар барысы популяциясын сақтау мәселелеріне арналған жаһандық конференция ашылды
Қазақстан астанасында қар барысы популяциясын сақтау мәселелеріне арналған жаһандық конференция ашылды
Нұр-Сұлтанда қар барысы популяциясын сақтау мәселелеріне арналған беделді халықаралық конференция өтті.
Форумды Snow Leopard Foundation, қар барысын сақтау бойынша жеке халықаралық қоры ұйымдастырды. Қордың негізін қалаушы және құрылтайшысы бір жыл бұрын ірі қазақстандық меценат, кәсіпкер және қоғам қайраткері Нұрәлі Әлиев болды.
Конференцияның тақырыбы: «Қар барысын сақтау: популяциялардың жағдайы, ландшафттарды басқару және трансшекаралық ынтымақтастық». Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда ілбіс аталатын – қар барысы мекендейтін барлық елдерде осы көркем және сирек кездесетін жануарлардың популяциясын сақтау бойынша тиімді бірлескен тетіктерді әзірлеуді жалғастыру.
- Біз Қазақстанның елордасында ірі әлемдік қорлар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ қар барысын қорғаумен айналысатын және территориясында барыс мекендейтін 12 елдің ең беделді ғалымдарын жинай алдық. Біз тәуелсіз Қазақстанның символы есептелетін осы жануарды сақтау үшін нақты қадамдар жасауды жоспарлап отырмыз, - деді Snow Leopard Foundation қорының құрылтайшысы Нұрәлі Әлиев.