ҚАЙРАН «СЫНЫП»...

ҚАЙРАН «СЫНЫП»...

ҚАЙРАН «СЫНЫП»...
ашық дереккөзі
Өткенде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың сөзінен кейін әлеуметтік желідегі түрлі талас-тартыстардың арасында «Ол кісі қайдан білсін, өзіне берілген мәліметтер негізінде сөйледі ғой, жаңылыс әңгіме болар», – деп жаңа министрді қорғағандар болған еді. Бірақ қазақ халқы «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді ғой, бірдеңеден күмәнданғанда. Енді міне, ширек ғасырдан аса уақытта мектеп оқулықтарына енгізіліп, баспасөзде қолданысқа еніп, тұрақтанып, халыққа әбден сіңісті болып кеткен терминдерді қайтадан кеңестік кезеңдегі қалпына түсіру әрекеті шынымен де басталып кеткенін біліп отырмыз. sputniknews.kz сайтына берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «сынып» сөзін қайтадан «класқа» ауыстыруға қатысты пікір білдіріпті. «Оған қатысты жеке ойымды айтқым келмейді. Өйткені бұл – қабылданған шешім. Сондықтан оны айтпай-ақ қояйын, түсініктеме бермей-ақ қояйын», – депті министр. Демек, білім саласы енді тағы да мектеп оқушылары үйреніп қалған терминдерге ревизия жасап, қалыптасқан ұғым-түсініктердің бұзылуына жол ашып отыр. Білетіндердің айтуынша, қазірге дейін мемлекеттік терминологиялық комиссияда филолог ғалымдар жоқ көрінеді. Ендеше терминдердің тағдырын кім шешетінін өздеріңіз-ақ пайымдай беріңіздер.