Алатау аудандық сотында сот қауіпсіздігі бойынша семинар өтті

Алатау аудандық сотында сот қауіпсіздігі бойынша семинар өтті

Алатау аудандық сотында сот қауіпсіздігі бойынша семинар өтті
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Алатау аудандық сотында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Руслан Майриховтың, сот приставы мен Алматы қаласы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» қызметкерлерінің қатысуымен ғимаратқа кіргізу тәртібі бойынша семинар өткізілді. Іс-шара аясында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Майрихов өз сөзінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылы сот аумағына өткізу және ішкі обьектілік режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынща енгізілген Ережені еске салды . «Жаңашылдықтарға сәйкес, сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды, яғни интернет модулі бар ұялы телефондар, смартфондарды көпшілік кіретін бөлігіне кіргузіге рұқсат етіледі», - деп атап өтті. Семинар барысында судьяларға, қызметкерлерге және сот келушілерге арнап әзірленген табиғи апаттардың, техногендік өрттердің техногенді себептері бойынша туындаған террористік қатынастарға зиянын тигізетін объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ арнайы алдын алу іс-шараларын, әрекеттің немесе қауіптің пайда болуына аса назар аудару керектігі ұсынылды. Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар сот ғимаратында белгіленген тәртіп бойынша бақылауды жүзеге асыруға қатысты өзекті сұрақтарды талқылады және сотқа келушілерді өткізу режимі бойынша тиісті нұсқаулықтар берілді.