Жаңалықтар

Ө.Шөкеев айдың алғашқы жұмыс күнін Арыста бастады

ашық дереккөзі

Ө.Шөкеев айдың алғашқы жұмыс күнін Арыста бастады

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласының әкімдігінде өткізуді бастады. Бұл жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев Facebook парақшасында жазды. Күн тәртібіндегі мәселе оқыс оқиғадан зардап шеккен Арыс қаласын қалыпқа келтіру болды. "Мен осында 1 ай болып, құрылысты күнде басында тұрып қадағалаймын. Егер қай аудан ұйымдастыра алмаса жауаптысын жұмыстан босатамын. Ал жауапты облыстар салғырттық танытса Үкімет басшысына мәлімдеймін. Халықтың мұқтажын жедел шешуіміз керек" - деді Ө.Шөкеев.