Жаңалықтар

Қайырымдылық кешке келіп, 100 бүлдіршінге күлкі сыйлаңыз!

ашық дереккөзі

Қайырымдылық кешке келіп, 100 бүлдіршінге күлкі сыйлаңыз!

"Ертегі әлемі" атты қайырымдылық кеші, 25 қараша күні Алматыда өтеді. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған шараға әлеуметтік желі қолданушылары қызу атсалысып жатыр.

Шарға қатысып, жетім балаларға күлкі сыйлаудың да шараты қарапайым. "Ертегі әлемі" кешіне қатысқысы келетін әрбір азамат ертегі кейіпкерінің бейнесінде киініп келуі керек. Сондай-ақ, 4 сағатқа жоспарланған кеште балаларға арналып арнайы дастархан мәзірі ұйымдастырылады, бұл үшін әрбір қайырымды жан 2000 теңге төлеуі қажет.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларының бірі Айдын есімді әлеуметтік желі қолданушысы: "Жалғызсыраған қызға көңіл бөліп 25.11.15-і басқа балалармен ойнауына көмектесіңізші. Жылы сөздеріңізді аңсауда... Сізге 4 сағат 100 ЖЕТІМ балалардың басынан сипап, айтқанын тындау қиынға соқпайтынына сенемін... Сіздер үшін жай кеш, ал балапандар үшін өмірдің қызығы", - деп жазған.