27 Маусым, 12:12 628 0 Технологиялар "Түркістан" газетінің авторлары

WhatsApp қайдан келді?

Қазір үш адамның екеуінде бар WhatsApp мессенджерін 2009 жылдары Ян Кум мен Брайан Эктон ойлап тапты. Бір қызығы олар, WhatsApp-ты жасаған кезде оның дәл қазіргідей қолданысқа еніп, тіпті әлемдік деңгейге көтерілетіні жайлы мүлдем ойламаған екен. Бірақ, Facebookтың иесі Марк Цукерберг бірдеңені сезгендей, 2010 жылдан бастап WhatsApp-ты маған 50 млн долларға сатыңдар деп қолқалай бастайды. Екеуі келіспейді. Алайда, айтқанынан қайтпаған Цукерберг жыл сайын WhatsApp-тың бағасын көтеріп, ақыры 2014 жылы мессенджерді 16 миллиард долларға сатып алуға ұсыныс жасайды. Осыншама ақшаны естіп, басы айналған екеуі бірден келісіп, «Бірақ бізді Facebook-тің акционері қыласың»– деп шарт қояды. Бұл ұсыныстан Цукерберг бас тартады. Сосын небәрі бір жылдың ішінде WhatsApp әлемнің барлық хабарласуға арналған бағдарламалардың рейтінгісін екі орап кетеді. Мұны көрген Цукерберг әлгі екеулерінің ұсынысын қабыл алатынын жеткізеді. Туындысы танымал боп кеткенін байқаған екеуі біраз саудаласып, ақыры 22 миллиард долларға тоқтаған екен. Нәтижесінде WhatsApp 2014 жылдан бері Facebook компаниясының меншігі болып табылады. Айтпақшы, әлемге әйгілі Instagram да осы Facebook - ке тиесілі. Тек мұнда ертерек қамданған Цукерберг Instagramды небәрі 1 миллиард долларға ғана сатып алған. Осы үш компанияның арқасында 33 жасар Марк Эллиот Цукерберг қазір 55,4 млрд доллары бар әлемдегі ең бай ондықтың қатарына еніп отыр.

Жарас Нұрболұлы

Соңғы жаңалықтар