Атырау телерадиосының бес жаңалығы

26 маусым, 2019 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Атырау телерадиосының бес жаңалығы Байланыс және ақпарат  қызметкерлері күніне орай Атырауда «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалына қарасты «Atyraý radiosy»-ның жаңа  радиостудиясы ашылып, жаңа радиотаратқыш іске қосылды. Сонымен қатар, радионың латын әліпбиіндегі жаңа логотипінің таныстырылымы өтіп, жаңа форматтағы «Efirde 102.0 FM» телерадиохабары эфирге жол тартты. Телерадиохабардың алғашқы саны Түркістан облысы Арыс қаласындағы жойқын жарылыстан зардап шеккендерге атыраулықтардың көмегі турасында болды. Телерадиохабар форматының ерекшелігі, Атырауда тұңғыш рет радиоэфир телеэфирге қосылып отыр. Осылайша қалың көпшілік телерадиобағдарламаны әуе толқынынан тыңдап, әрі телеэкраннан да тамашалай алады. Кәсіби мерекеге орайластырылған іс-шара аясында сондай-ақ, «Atyraý» телерадиосының жаңа салынған жапсарлас ғимараты мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлескен жобаның  тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған жергілікті атқарушы билік өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Сақтайұлы,  Х.Досмұхамедов ат. АтМУ журналистика кафедрасының  меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Мәншүк Тынышқалиқызы, ақын-жазушы мен зиялы қауым өкілдері, журналистика ардагерлері т.б. қатысты. Салтанатты іс-шараны құттықтау сөзімен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев: Бұған дейін Атыраудағы жергілікті радионың таралу кеңістігінде бірқатар кедергі туындаған еді. 250 киловаттық ескі радиотаратқыштың салдарынан радиотолқынның тарау аясы 3 шақырым ғана болды. Енді кеңейтілген диапазонды 1000 киловаттық жаңа радиотаратқыш іске қосылып, атыраулықтар әуе толқынын жаңа сапада тыңдайтын болады. Радиотолқынның еркін тарауына зәулім үйлер көп кедергінің бірі еді.  Осы мәселе ескеріліп, жаңа радиотаратқыш қала сыртындағы 180 метрлік телемұнараға орнатылды. Бұл да болсын радиотолқынның еркін тарауына басты сеп болмақ. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Қанат Әуесбай: Жаңа форматта тұсауы кесілген телерадиохабар «Efirde 102.0 FM» аталады. Телерадиохабардың алғашқы саны Түркістан облысының Арыс қаласында болған төтенше жағдайға арналды.  «Efirde» сөзі көгілдір экранды меңзеп тұрса, «102.FM» радио сипатын аңғартып тұр. Телевизия мен радиомен бірлескен мұндай жобаны жүзеге асыруда медиа әлеміндегі заманауи тәжірибе ескеріліп отыр. Телевизияның түп отаны америка десек, ол жерде радиоэфирді телеэфирге қосып ортақ хабар жасау қай заманнан бар үрдіс. Мұның басты тиімділігі сол, радио аудиториясын  кеңейту», дейді телерадио хабардың жүргізушісі, танымал жас журналист Жандос Нұрболатұлы. Атырау телерадиосындағы тағы бір сүйіншілер жаңалық жаңа жапсарлас ғимараттың ашылуы. 1000 шаршы метр болатын 3 қабатты ғимаратта әкімшілік-басқару қызметкерлері, инженерлер, тақырыптық редакция, меншікті тілшілер мен жаңа телестудия орналасады. Ғимараттың бір залы Айтқали Құмарғалиұлы медиа аудиториясы боп ашылды. Айтқали Құмарғалиұлы «Атырау» телерадиокомпаниясына ұзақ жыл басшылық етіп, қазығын қағып, уығын көтерген, іскер басшы, шебер ұйымдастырушы, қарымды қаламгер. Аудиторияның тұсаукесеріне  Айтқали Құмарғалиұлы өзі қатысып,  әсерімен бөлісті: Медиа аудитория  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлескен жоба аясында жүзеге асып отыр. Университеттің  журналистика кафедрасының  меңгерушісі, қауымдастырылған  профессор  Мәншүк Тынышқалиқызы: Іс-шара аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының 5 қызметкері: «Atyraý radiosy» аға редакторы Слухия Қаттарқызы, редакторлар Гүлназ Кәрімжан, Айнагүл Қонысқалиқызы, Шолпан Абатқызы,  Индира Мерекенқызы Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері атағымен марапатталды. Айтулы марапат «Atyraý radiosy»-ның 80 жылдығы мен Қазақстан журналистер одағының 60 жылдық мерейтойы құрметіне берілді.     «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалына қарасты «Atyraý radiosy»-ның тарихы 1938 жылы Гурьев облысының құрылуынан бастау алады. 1938 жылдың 2-ші наурызында алғаш рет радио хабары эфирге шықты.  Қазір ол 102.0 FM жиілігінде тәулігіне 17 сағат хабар таратып отыр.