Жаңалықтар

Н.Ондасыновтың Мәскеудегі өмірі жайлы не білесіз ?

ашық дереккөзі

Н.Ондасыновтың Мәскеудегі өмірі жайлы не білесіз ?

Қазақстанда 18 жыл премьер министр болған Нұртас Оңдасынов, демалысқа шыққаннан кейін Мәскеуде үш бөлмелі пәтерде тұрыпты. Бір бөлмесін түгел кітапқа толтырып жұмыс бөлмесі етіп арнап алыпты, азанғы шәйін ішкеннен кейін, қыры сынбаған костюм шалбарын киіп, галстугін тағып, туфлиын жалтыратып майлап сағат 9- ға 10 минут қалғанда бөлмесіне кіріп кетеді екен. Сол отырғаннан түсте сағат 13-ке 10 мин қалғанда шығып, кемпірінің дайындаған түскі тамағын ішіп, сағат 14-ке 10 мин қалғанда қайта кіріп кетеді екен. Кешкі сағат 18-ге 10 минут қалғанда бөлмесінен шығып, бір сағат далаға серуендеп, сағат 20-да кешкі тамағын ішіп демалады екен. Нұртас ағамыз дәл осылай қатып қалған уақытпен 28 жыл өмір сүріпті. Қазақстаннан адам келсе кемпірі жылайды екен "мына әпенді ағаларыңа айтсаңдаршы не істеп отыр мына бөлмеде, үш мезгіл тамағын дайындаумен өлетін болдым" деп. Сонда Нұртас ағамыз сол бөлмеде 28 жыл бойы қазақтың бір сөзі төрт тілде қалай аталатыны жөнінде "энциклопедиялық словарь" жасаған екен. Білдей бір ғылыми зерттеу институтінің істейтін жұмысын бір өзі істеп, бес томдық словарь жазып шығыпты деседі... Жарас Нұрболұлы