Жаңалықтар

Антибиотиктердің кері ықпалы көп

ашық дереккөзі

Антибиотиктердің кері ықпалы көп

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антибиотикті дұрыс пайдалану аптасын өткізу туралы шешім қабылдады. Аталмыш аптылқ Ресей елінде өтпек. Бұл туралы Kazinform ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының мұндай шешім қабылдауына  дәрігердің тағайындауынсыз, өз бетінше антибиотиктерді жиі қабылдаушылардың көбеюі себеп болып отыр.

Антибиотиктер және осы тәрізді дәрілер сырқаттан айығуға қалай жылдам әсер ететін болса, өлімге әкелетін кері ықпалы да соншалықты көп екен. Мұны ғалымдардың соңғы уақытта ұсынған деректері дәлелдейді. Ғалымдардың мәліметтеріне сүйенсек, дәрігердің рұқсатынсыз дәрілерді пайдалана беру жылына кем дегенде 10 миллион адамның өмірін жалмайды. Ал ақ халаттылар дәрігердің  тағайындауынсыз дәрі қабылдайтын адамдардың саны жыл санап артып келе жатқанына алаңдап отыр. Бұл адам өміріне аса қауіпті. Сондықтан, медицина мамандары дәріні тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдауды ұсынады.