Семей қаласындағы аспалы көпір
Семей қаласындағы аспалы көпір
Тамсансаң, Семейдегі аспалы көпірге тамсан. Мұндай көпір ТМД-да да жоқ. Әлем елдерінің өзінде саусақпен санарлық қана. Семейдің көркіне көрік қосып, сәулетін арттырған бұл аспалы көпір - Тәуелсіздіктің төл туындысы.
Бұл көпір Ертістің арғы жағы мен бергі жағын ғана емес, Азия мен Еуропаны, қыр мен Сібірді жалғастырып жатыр. Семей қаласындағы аспалы көпір 2000 жылы 17 қазанда салынған.
Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компаниясы 1998 жылы Үкімет жаңа көпір құрылысын бастауға шешім шығарды. Құрылысымен, негізінен, жапондық «Аячай» фирмасы айналысты. Жапонияда жасалған көпір қаңқалары алдымен су жолымен, сосын теміржолмен Семей қаласына тасымалданған. Жалпы, екі ел арасындағы келісімге қарай, Жапония мемлекеті көпір құрылысына 165 млн доллар бөлген. Бұл қаржыны 2,7 пайызбен 30 жылда қайтару мәселесі де алдын-ала пысықталған.
Ал Түркияның «АлсимАларко» фирмасы көпірге келіп тірелетін ұзындығы 16 шақырым жол құрылысын жүргізумен шұғылданды. Осы арада айта кету керек, көпірдің үстіне табиғи асфальт төселген. Бұл асфальт, білетіндердің айтуынша, Кариб бассейніндегі Трининад көлінен арнайы тасып жеткізілген көрінеді. Сонымен қатар көпір құрылысы жұмыстарына өз елімізден 30-ға жуық фирмалар қатысса, жұмысшылардың 90 пайызын жергілікті азаматтар құрапты. Көпір құрылысы белгіленген мерзімнен бұрын аяқталып, 2000 жылдың қазан айында халыққа пайдалануға берілді.
Жарас Нұрболұлы