Алматыда бокс майталмандары ашық жаттығу өткізбек

Алматыда бокс майталмандары ашық жаттығу өткізбек

Алматыда бокс майталмандары ашық жаттығу өткізбек
ашық дереккөзі
27 маусым күні Алматының Арбатында елімізге танымал Қанат Ислам, Мадияр Ашкеев және Абылайхан Құсайынов сынды кәсіпқой боксшылар ашық жаттығуы өткізеді. Бұл спорттық шара 5 шілде күні өтетін Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында ұйымдастырылатын бокс кешіне арналады. Ашық жаттығу кезінде келген қонақтар арасында билеттер, футболкалар және өзгеде сыйлықтар ойнатылып, көрермендер даңқты спортшылармен суретке түсуге мүмкіндік алады. Басталуы 17:00-де. Айта кетер жайт, бұл бокс кешінде жалпы саны 11 жекпе-жек өтеді, оның үшеуі титулдық. Кештің басты кездесуінде Қанат Ислам жаңа салмақта WBO Inter-Continental белбеуі үшін айқасатын болады. Ал, Мадияр Ашкеев пен Абылайхан Құсайынов NBA титулдарына жұдырықтасады.

Аяулым Альсеитова