Жаңалықтар

Құрлық әскерлері Әскери институтын 350 лейтенант бітірді

ашық дереккөзі

Құрлық әскерлері Әскери институтын 350 лейтенант бітірді

2019 жылдың 22 маусымында Құрлық әскерлері Әскери институтында биылғы түлектер – жас лейтенанттарға әскери оқу орнын бітіргені жайлы дипломдар табыс етілді. Осы күні әскери саланың жеті мамандығы бойынша арнайы білім алған жас офицерлер оқу орнының кең плацында қаз-қатар сап түзеп, салтанатты түрде құрметті қонақтардың қолынан алғашқы арнайы лейтенант шенін және дипломдарын алды.