Батырдың тыңдармандары билет бағасының қымбаттығына наразы

Батырдың тыңдармандары билет бағасының қымбаттығына наразы

Батырдың тыңдармандары билет бағасының қымбаттығына наразы
ашық дереккөзі

8 желтоқсан күні Республика сарайында Батырхан Шүкеновке арналған “Батыр Lives” атты концерт өтетіні белгілі. Әншінің тыңдармандары аталмыш кеш билеттерінің тым қымбат сатылып жатқанына наразылық танытуда.  Марқұм Батырхан Шүкеновке арналған концерттің бір билетінің бағасы 30 мың теңгеден басталады. Алматыдағы Республика сайайында болады деп жоспарланып жатқан ән кешінде ең арзан орынның бағасы 15 мың теңгеден деп хабарлайды STAN.KZ. Әншінің өнерін жоғары бағалайтын табынушылары мұндай бағаның қойылу сырын түсінбей, ұйымдастырушыларды кінәлауда. “Біз бұл концерттен бір тиын алмаймыз. Бұл Батырдың достарының концерті. Иә, рас билет бағасы қымбаттау. Бірақ, сол үшін Батырдың жақындарын жамандаудың еш қажеті жоқ. Сіздерді концертке баруға ешкім күштемейді”, – деді әнші Әли Оқапов Батырхан Шүкеновтың тыңдармандарына. Кешке қатысатын батырдың әріптестері наразы жұртқа концерттен түскен қаржының әншінің атындағы қоғамдық қор мен оның жалғыз ұлы – Мақсұттың мұқтаждықтарына жұмсалатынын түсіндіріп бағуда. Айта кетейік, “Батыр Lives” атты кеште Шүкеновтың әндерін еліміздің белгілі әншілері Роза Рымбаева, Әлібек Дінішов, “Жетіген” тобы, Далер Назаров, Еркеш Шәкеев, “Мюзикола” тобы, Нұрлан Абдулин, JCS тобы, Руслан Тохтахунов, Жанар Дұғалова, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова,Рүстем Нұржігіт,Әли Оқапов, “Дервиши”, “МұзАрт” топтары орындамақ.