Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

20 қараша, 2015 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

Бұл туралы, ЮНЕСКО-ның 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38-сессиясында мәлім болған. Сүйінші хабарды, алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы Жүсіп хабарлады.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05.03.1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі -27.09.1937 жыл, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің тұңғыш төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.