Жаңалықтар

Автобус жүргізушілерін "кресло" бақылайды

ашық дереккөзі

Автобус жүргізушілерін "кресло" бақылайды

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерінің денсаулығын орындықтары тексеретін болды. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров айтты. «Елімізде автобус жүргізушілерінің денсаулығына байланысты жол апаттары жиі белең алып келеді. Осыған байланысты Алматыда жаз соңына дейін жүргізушілердің денсаулығын тексеретін электронды жүйе ойластырылып жатыр. Бұл құрал жүргізушілердің уақытша жұмысқа қабілетінің жоқтығын немесе қабілетті екенін медициналық тұрғыдан тексереді», - деді facebook-тегі парақшасында Қанат Байғоңыров.