19 Маусым, 10:50 399 0 Спорт TURKYSTAN.KZ

Ең жас кәсіпқой боксшы Алматыда кездесу өткізбек

Қазақстандық ең жас кәсіпқой боксшы Дастан Сәдуұлының келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды.

Қазақстан боксының болашақ жарық жұлдызы, Еуропа мен Азиядағы ең жас боксшы, жеңіліп көрмеген Дастан Сәдуұлы (3-0, 3КО) 5 шілде күні Алматыда рингке шығады.

Айта кетейік, Дастанның мүддесін Tukeshov Boxing Promotions промоутерлік компаниясы қорғайды.

Дастан Сәдуұлы осы жылдың ақпан айында Ақтөбеде ресейлік Дмитрий Рахмановпен жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар