«ТҮРКІСТАНЫМ – ТҰРАНЫМ» АТТЫ БҰҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ
«ТҮРКІСТАНЫМ – ТҰРАНЫМ» АТТЫ БҰҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ
Елбасы Жарлығымен Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Түркістаным – Тұраным» атты бұқаралық марафон өтті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен тұңғыш рет ұйымдастырылған жарысқа облыстың барлық аймағынан 1000-нан аса тұрғындар қатысып, жеңімпаздарды анықтады.
Тартысқа толы бәсекеде мәре сызығын бірінші болып, кентаулық Ардачер Захитдинов кесті. Ол қарсыластарын ат шаптырым жер артқа тастап мықтылығын дәлелдеді. Ал, екінші орынды Ақтілек Құралбай иеленсе, үшінші орынды Бақдаулет Абдужамал еншіледі.
Ондан бөлек марафонға қатысқан ең жас 5 спортшымен жасы 70 тен асқан 5 марафоншыға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.