Жаңалықтар

Киік ату тиылмай тұр

ашық дереккөзі

Киік ату тиылмай тұр

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, браконьерлікке қарсы жедел іс-шаралар жоспарын әзірледі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров  айтып берді. «Қазіргі уақытта киік ату фактілері тоқтамай тұр. 2018 жылы 77 браконьерлік фактісі анықталып, 500 киіктің мүйізі тәркіленді. Министрлік Бас прокуратурамен, Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, браконьерлікке қарсы жедел іс-шаралар жоспарын әзірледі. Онда браконьерлікпен күрес жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жедел іс-шаралар көзделген», - деді министр Қазмедиа орталығында халыққа есеп беру кездесуінде. Министрдің айтуынша, 2017 жылы киіктер саны - 152 мың болса, 2018 жылы - 215 мыңға жетіп, олардың өсімі 41%-ды құраған. Сонымен бірге, ормандарды ұлғайту мақсатында министрлік  облыс әкімдерімен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі қадамдық жоспарларды бекіткен. 2018 жылы 52,7 мың гектарға көшет отырғызылған. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Алматы облысында «Іле-Балқаш» табиғи резерваты құрылған. Осылайша, республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумағының алаңы 24,7 млн гектарға немесе ел ауданының 9%-на жеткен.