Жаңалықтар

“Қазақстан Барысы"  Ақсуатта 2 млн жеңіп алды

ашық дереккөзі

“Қазақстан Барысы"  Ақсуатта 2 млн жеңіп алды

Тарбағатай ауданында Ырғызбай Досыханұлы атындағы қазақ күресінен өткен әлемдік гран-при сайысында қазақстандық Айбек Нұғымаров топ жарды. Бір апта бұрын ғана Нұр-Cұлтан қаласында өткен “Қазақстан Барысы” жарысында оза шапқан балуан бұл жолы да тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. Әлемнің  28 елінен келген апайтөс палуандар арасында ақтық сында Айбекпен өзбекстандық  Мұқсин Хисамединов айқасқан болатын. Жалпы финалдық кездесу Айбекке оңай тиген жоқ. Белдесу аяқталғаннан кейін Айбек  өз ойымен бөлісті. Турнирдің 70, +80 келі салмақтарында Тәжікстан, Грузия елдерінен келген балуандар жеңіске жетті. Жеңімпазға ұйымдастырушылар 2 млн теңге, екінші орынға 1 млн, үшінші орын алған спортшыға 500 мың теңге табыстады. Спортшыларды атақты боксшы Қанат Ислам, ақын Жүрсін Ерман, Ақсуат ауылының құрметті азаматы Тұрсын Тастекеевтер марапаттады. Қазақ күресі турнирі аяқталғаннан кейін Qazaq Promotions компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Қазақстандық Елдияр Қамшыбеков, Нұрлан Сапарбай, Нұрсұлтан Аманжолов секілді қазақ боксшылары шаршы алаңға шығып, жиналған жұртшылықтың делебесін қоздырды.