Жаңалықтар

«Қасым хан» сериалының дайындық жұмыстары басталды

ашық дереккөзі

«Қасым хан» сериалының дайындық жұмыстары басталды

«Қасым хан» сериалы түсірілетін БАҚ өкілдері біршама уақыттан бері айтып, жазып жүр. Жуырда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы түсірілім өтетін аймаққа барып, фейсбуктегі парақшасына біршама ақпарат қалдырды. Министр А.Мұхамедиұлының айтуынша сериалдың 3 маусымдық сериясын қоса есептегенде 75 бөлімнен тұрады. Оның атап өтуінше, «Қасым хан» сериалы барлық жағынан маңызды жоба саналады. Үш маусым бойы ұзақтығы 75 серия түсіру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде: костюмдердің эскиздері, сол кездің тұрмыстық заттары жасалуда. Жақында фильмге кастинг жарияланатын болады, оған еліміздің әртістері шақырылады. Тарихымызды әлемге көрсету мақсатында бұл сериалдың орны ерекше болмақ.