Жаңалықтар

Әуе шарлары фестивалі өтеді

ашық дереккөзі

Әуе шарлары фестивалі өтеді

Түркиядағы туризм орталықтарының бірі саналатын Каппадокияда осы жазда алғаш рет халықаралық әуе шарлары фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Pasha Balloons компаниясының қолдауымен 3-7 шілде аралығында болады. Фестиваль аясында Каппадокия аспанына 150-ден астам әуе шары көтеріледі. Айта кетсек, фестиваль бағдарламасы Грузия халық ансамблінің өнер көрсетуімен басталғалы отыр. Сондай-ақ Түркия аспанында АҚШ, Испания, Польша, Швейцария, Индонезия, Ұлыбритания, Словакия, Франция, Нидерланд, Жапония және Мексика командалары өздерінің кәсіби біліктілігін паш етеді.