Түркістанды дамытатын 5 қаулы
Түркістанды дамытатын 5 қаулы
Ө.ШӨКЕЕВ: «ҮКІМЕТ ТҮРКІСТАНДЫ БАРЫНША ДАМЫТАТЫН 5 ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ»
Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облыстық мәслихатының сессиясы өтті. Алқалы жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірді дамыту бағытындағы жоспарлары мен атқарылатын жұмыстары жөнінде баяндады.
«Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан облыс үшін аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Бұл – тарихта болмаған жағдай. Оның облыс және Түркістан қаласы үшін ең маңыздысы – «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары». Сонымен бірге өзге қаулылар да Түркістан үшін аса маңызды. Облысымызға мемлекет тарапынан айрықша қолдау көрсетіліп отыр», – деді облыс әкімі.