Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Алтай Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, прокуроры болып бастады. 2002-2003 жылдары - осы комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының прокуроры. 2003-2007 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2008 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының бастығы. 2008-2010 жылдары - «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2012 жылдың 8 ақпанынан бері БҚО әкімінің орынбасары болды. 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.