Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ: МЕН ДҮНИЕ ЖИМАДЫМ, КІТАП ЖИДЫМ

Азаттықтың ақ таңы атып, ел іргесінің бекуіне ерекше еңбек сіңірген екі адам болса, соның бірі – Мырзатай Жолдасбеков. Қалың қазақтың құрметіне бөленген ел ағасы саналы ғұмырында халықтың бар қуанышы мен сүйінішін бірге көрді. Көргені мен білгенін, көңіліне түйгенін қалың оқырманына жеткізіп жүрген тұлғаның әлі де айтары таусылмағаны шүбәсіз. Сондықтан қазақтың жанашыры, ұлттың ұлы Мырзатай ағамызбен әңгіме-дүкен құрғанды жөн санадық. Сексеннің сеңгіріне шықса да, ізденуден, оқудан талмайтын ел ағасы сұхбаттың елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өткенін қалады. Бұл кітапханада өзінің атындағы мемориалдық кітап коллекциясы залы бар екенін біреу білер, біреу білмес. Бірақ дәл осы зал Мырзатай Жолдасбеков үшін ерекше ыстық әрі бағалы. Содан болар, ағамыз қояр сауалымды тоспастан әңгіменің әлқиссасын бірден осы залдағы кітаптардан бастады.

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,

мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор:

– Кезінде біз дүние жимадық, оның орнына кітап жинадық. Ол кезде дүкенге жаңадан кітап түскенін естісек, қол жеткізгенше жанталасатын едік. Сөйтіп тірнектеп жүріп жинаған дүнием қазір мына залда көз алдыңда тұр. Ел-жұрт менде кітаптың көп екенін жақсы біледі. Содан менің кітапханамдағы байлығымды сұраушылар көбейді. Бар жиған кітабыңды қиып бере салу оңай дейсің бе?! Көп ойландым. Бірде осы кітапханаға Үмітхан Мұңалбаева басшы болып келді де: «Аға, кітапхана өзіңізге көптен қолқа салып жүр екен, кітабыңызды көпшілікке қисаңыз қайтеді?!» деді. Өтініп тұрғасын бетін қайтара алмадым, ақыры келісімімді бердім. «Саясатқа айналып кетпесін, кітаптарым бөлек, жеке тұруы керек» деп ескерттім де, егер кейін «Бұл кітаптар неге жеке тұрады? Неге өзге кітаптарға қосылмаған?» деген әңгіме туындамаса, бар жиғанымды кітапханаға тапсырайын дедім. Уәде бергеннен кейін үш күн ұйықтай алмадым. Сонау ерте кезден өзіммен бірге келе жатқан кітаптар бәрі. Мен осы кітаптармен ой толыстырдым, білім жинадым, ғылымға бет алдым, ғалым болдым. Сырласым, мұңдасым болған, талай жетістігіме себепкер болған кітаптарымды қалай қияйын?! Қия алмадым. Бірақ уәдемде тұрдым. Сөйтіп, кітаптарымның бәрін осы Ұлттық академиялық кітапханаға тапсырдым.

Мұнда қазақ тарихы, Ресей тарихы туралы кітаптар өте көп. Мәселен, орыс тарихшылары Соловьев, Ключевский, Карамзиннің шығармаларының толық жинағы бар. «Большая энциклопедия искусства» атты 16 томдық туынды да осында. Бұл еңбектің Қазақстанда тағы кімде бар екенін білмеймін. Сосын «Манас» жырының барлық нұсқалары бар. Саяқбай Қаралаевтың толық нұсқасын да таба аласың. Мен Саяқбай Қаралаевты көрген адаммын. «Манас» жырын ең алғаш хатқа түсірген Шоқан Уәлиханов. Содан кейін «Манасты» терең зерттеген адам да қазақтан шыққан. Ол – Әлкей Марғұлан. Оның «Шоқан және Манас» атты монографиясы қалың қазаққа жақсы таныс. Ал бұл жырға тереңірек зер салған адам – Мұхтар Әуезов. «Манас» жырының халықтық шығарма екенін дәлелдеп берген де сол кісі. «Манас» жалғыз қырғыз емес, қазаққа да ортақ эпос.

Мұнда түркологияға қатысты кітап та көп. Лев Гумилевтің «Древние тюрки» атты еңбегі бар. Кітаптың іші шимай-шатпақ, әбден сызылған. Гумилевтің бұл туындысын мен жастанып жатып оқығанмын. Менің диссертациямның тақырыбына байланысты бірден-бір еңбек осы болатын. Талай жылдар қолымнан түспеген кітаптың мұқабасы әбден тозған еді, кітапханадағылар мұқабасын жаңартып берді.

Өміріңіздің бір парасы осында екен ғой…

– Дұрыс айтасың. Мұндағы кітаптардың бәрі сөйлеп тұр. Бәрі жаныма жақын. Дүниеқоңыз болғаным жоқ. Бар байлығым – осы кітаптарым. Мына сөредегі кітаптардың бәрін өзім парақтап оқығанмын, өзім ғана емес, қыздарым мен немерелерім де осы кітаптармен өсті. Сондықтан кітапханадағы мына кітаптар мен үшін тым ыстық. Бұл зал – менің екінші үйім. Уақытымның біраз бөлігін қазір осында өткіземін. Мүмкіндігім болса, осы жерге келемін. Аяғым тартып тұрады. Кейбір кездесулерді осында өткізгім келеді. Сосын Еуразия ұлттық университеті профессорларының да қалаулы кабинеті осы боп тұр. Осында келіп студенттерге, магистранттарға дәріс оқиды.

Тағы бір нәрсені айта кетейін. Мұнда қолтаңбамен жазылған кітаптар бар. Соларды ашып оқысам, көзіме жас келеді. Талай ұлылармен етене араласқан адаммын. Олардың қатарында Әбділда Тәжібаев та бар. Әбекең бір кітабына «Өзімнің өңірімнен жаралғандай Мырзатайыма» деп қолтаңбасын қалдырыпты. Қалай жыламайсың?! Қалай көзіңе жас келмейді?! Қалай өткен күндерді сағынбайсың?! Қолтаңбаларын оқысам, бәрі тірі сияқты. Сол қолтаңбаларды жинақтап, мына кітапхана «Қолтаңбалар жинағы» деп арнайы кітап шығарғалы жатыр.

Туған жеріңіз Талас топырағынан өзіңізге ілесіп келген кітаптарыңыз да бар шығар арасында…

– Жоқ, айналайын, олар қайдан келсін?! Таластан кітап келген жоқ. Ол кезде кітап та болмады ғой қолымызда.

Дегенмен, әкеңіз сізге үлкендердің әңгімесін көп тыңдатқан екен…

– Иә, ол кісі «ойынның түбіне жеткен бала жоқ, одан да қариялардың әңгімесін тыңда» дейтін үнемі. Бала кезде ақ тер, көк тер боп ойнап жүреміз, «көкең шақырып жатыр» дегенді ести сала, үйге қарай құстай ұшам. Көкем көрші колхозда парторг еді, атқа салған қоржынның екі басын толтырып газет әкелетін. Сөйтіп, маған газет оқытатын. 6 жасымнан бастап оқыдым сол газеттерді. Менің газет оқығаныма қарап көкемнің кеудесін мақтаныш кернейтін болуы керек, шай құйып отырған апама қарап: «Көрдің бе, апасы, балаң ертең адам болады» дейтін.

Менің алдымда 3 жас үлкен ағам бар, бірақ әкем оны өзімен көп ертпейтін. Жанына мені ілестіріп алып, қариялардың жиналып отырған жеріне апарады. Әкемнің жасы кіші болса да, барған жерінде төрден орын беретін. «Үлкен шаңырақты ұстап отырсың, Темір бидің ұрпағысың» деп сыйлайтын. Сонда қариялар: «Жолдасжан-ау, мына сығырайған жәумелегіңді жаныңнан тастамайсың, Шымыртайды бір ертпейсің ғой жаныңа» дейді. Әкем болса: «Құдай қаласа, көресіздер, ертең бірдеңе шықса, осы жәумелегімнен шығады» деуші еді.

«Адам болам десең, үлкендердің әңгімесін тыңда» деп жиі айтатын. Содан сол қариялардың әңгімесін тыңдаймын. Әуелде үйрене алмай жүрдім, ойын баласы емеспін бе, жалығып кететінмін. Кейінірек олардың әңгімесін ұғынып тыңдайтын болдым, сөздерінің мәні тереңде екенін түйсіне бастадым. Тіпті, солардың әңгімесін көп тыңдағасын, қариялар секілді сөйлей бастадым. Қатарлас балалардың бәрі маған «сен шал сияқтысың» дейтін сол кезде.

Әкеңіз сізге әу бастан-ақ ерекше үміт артқан боп тұр ғой…

– Көкем маған кішкентай кезімнен ерекше үміт артты. Саған бір әңгіме айтып берейін. Баяғыда біздің ауылдан улап-шулап сығандар өтетін. Алба-жұлба арбалары бар. Айна-тарақ, шаңқобыз сататын. Ауылдың қыздары шаңқобызды солардан сатып алатын еді. Сол сығандардың арасында бір кемпір бар екен. Өзі қазақша білетін көрінеді. Әлгі кемпірге бәрі бал аштырады. Бірде маған аяғы ауыр анам айы-күні жетіп отырған кезде сыған кемпірге бал аштырыпты. Сөйтсе әлгі кемпір апама: «Ұл туасың, оң аяғының нышаны болады, көп жасайды, елге өте қадірлі, белгілі болады» деп айтыпты. Сол жердегі әйелдер: «Бұл да сөйлей береді екен ғой» деп әлгі балгерді күстаналап кетіпті. Содан көп кешікпей апам мені босанған. Ол кезде әйелдер жабылып жүріп босандыратын еді ғой. Бәрінің апаммен де, менімен де ісі болмапты. Оң аяғыма қарапты бәрі жанталасып. Оң аяғым алты бармақ боп туыппын. Содан бәрі таңырқап, әлгі сыған кемпірдің сөзі дәл келгеніне қайран қалыпты. Бала күнімде балалардың біреуі менің маңдайымды шерткен емес. Қариялар: «Мырзатайға тимеңдер, ол нысаналы» деп тигізбейтін еді.

Ауылда мектеп жоқ, мұғалім жоқ, оқулық жоқ. «Қалай адам болдық?» деп таң қалам осы күні. Сабақ беретіндердің бәрі өзіміздің туысқандарымыз. Жеңгелеріміз атымызды атай алмайды, кішкенем, мырза бала, қайын ағамның баласы деп отырады сабақ барысында. Сөйтіп жүріп оқыдық мектепте. Мен білімді мектептен емес, қариялардың әңгімесінен алдым. Солардың өнегелі сөздерін тыңдап, мәнді әңгімелерімен сусындап ер жеттім. Өздері бір академия сияқты, университет сияқты қариялар болды. Сондай кемеңгерлердің арқасында адам болдық. Өкінішке қарай, қазір ондай қариялар жоқтың қасы.

Мектепте болмаса да, университетте нағыз ұстаздардан тәлім алдыңыз…

– Рас, нағыз білімді университеттен алдым. Қаншама ұлы тұлғалардың дәрісін тыңдадық десеңші. Мұхтар Әуезов, Бейсенбай Кенжебаев, Зейнолла Қабдоловтардан сабақ алған бақытты шәкіртпін.

Бейсенбай Кенжебаев менің жетекшім болды. Былай қарағанда момын кісі болғанымен, өте принципшіл еді. Қазақ әдебиетінің осынша тереңдегеніне себепші болған бірден бір жан – осы Бейсенбай Кенжебаев. Бұрынырақта «Қазақ әдебиеті» оқулығында (авторы академик Қ.Жұмалиев): «Қазақ әдебиетінің тарихы он сегізінші ғасырдан, он сегізінші ғасырда өмір сүрген Бұқар жыраудан басталады» деп жазылатын. «Жоқ, олай емес, қазақ әдебиеті ежелден қазақ халқымен бірге туған, бірге дамып келеді» дегенді алғаш айтқан кісі – Б. Кенжебаев еді. Мен – ол кісінің ойын алғаш дәлелдеген адаммын.

Біздің бағымызға орай ол кезде ғұламалардың бәрі тірі еді. Мұхтар Әуезов біздің курсқа үш жыл қатарынан сабақ берді. Мұндай курс КазГУ тарихында болмаған. Бірінші курста «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», екінші курстың бірінші семестрінде «Абайтану» арнайы курсы, екінші семестрінде «Манастану», үшінші курста «СССР халықтарының әдебиетінен» дәріс оқыды. Әлкей Марғұлан ағамыздың да дәрісін тыңдадық. Темірғали Нұртазин, Мәулен Балақаев сынды асылдар сабақ берді. «Асылдарым» атты кітабымда осы ұстаздарым жайында жаздым. Осы асылдардың арқасында адам болдым, ғалым болдым.

Мен үшін КазГУ – шынайы білімнің ордасы болды. Қара шаңырақ бүгін де сол биігінен төмен түспеді деп ойлаймын. Бірақ қазіргі уақытта қарап отырсам, елімізде университет көп. Бұрын жоғары оқу орындары санаулы болғанымен, сапалы білім беретін. Ал қазір білімі жоқ университеттер, ғылымы жоқ академиялар қаптады. Аты бар, заты жоқ университеттер көбейді.

Білім мен ғылымға ерекше ден қойған жансыз. Бірақ сіздің өнерден де алыс емес екеніңізді жақсы білеміз. Ілия Жақанов «Дүние, шіркін» атты еңбегінде сіздің бұл қырыңызды ерекше ашып көрсетті.

– Ілия Жақанов менің туған өлкемді «сенің ауылың – шағын филармония» деп бағалаған еді. Расында да, кішкентай ғана алақандай ауылдың адамдары шетінен бәрі өнерпаз болатын. Ауылға талай дүлдүл өнерпаздар келетін. Сол ауылда Сүгірді 3 рет көргендердің бірімін. Бұл туралы кітаптарымда тереңірек жаздым. Біздің ауылда Шәмшілда деген жегжаты бар еді, соның үйіне келетін. Шәмшілда Боранқұл деген күйшінің туған нағашысы әрі ұстазы. Сүгірді жиылып ап, ел тыңдайтын. Ол заманда күй тыңдайтын, күйдің қадірін түсінетін жандар көп еді. Күйшілер де күйді тартпас бұрын оның тарихын айтатын. Содан кейін ғана күй тартуға көшетін. Ал қазіргілерге «күй тарт» дей қалсаң, бірден домбырасын сабалап шыға келеді. Оны біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Қазақтың «Күйді мың кісі тыңдайды, бір кісі түсінеді» деген сөзі содан қалса керек. Күйдің тарихына, тереңіне үңіліп жатқан ешкім жоқ.

Өкінішке қарай, қазір тіпті күй көп тартыла да бермейді. Ең өкініштісі, соңғы кезде домбыра да, қобыз да жер бауырлап, төмендеп қалды. Құдайға шүкір, былтыр Елбасы жарлығымен Домбыра күні жарияланды. Бірақ мен домбыраның күмбірі тек сол күні естіліп, басқа күні ұлттық аспабымыз ұмытылып қала ма деп қорқамын. 80 жасқа толғанда сол кездегі «Қазақстан» арнасының басшысы Ерлан Қаринге хабарласып, «маған екі хабарыңды берші, біреуін домбыраға, біреуін қобызға арнайық» дедім. Ол келісті де, менің туған күніме орай бір кешті қобызға, екіншісін домбыраға арнадық. Қобызға арналған кешті Әлқуат Қазақбаев, домбыраға арналған кешті Жанғали Жүзбаев жүргізді. Айтарлықтай жақсы кеш болды.

Қазақ – өзінің мұңын айтып жеткізетін, шерін тарқататын, сан мың жылғы тарихын жадында сақтай алатын қобыз, домбыра секілді құдіретті аспаптарды дүниеге әкелген халық. Бұл екеуі де – көкірегі көмбеге толы халықтың мұңшылары. Осы құдіреттерді тудырып, оларға тіл бітірген ғажап өнер адамдары да қазақ халқынан шыққан. Сондықтан, домбыра мен қобыздың қазақпен бірге жасасып келе жатқан аспаптар екенін естен шығаруға әсте болмайды.

Әңгіме ауаны ұлттық өнерге ауысты ғой. Аға, сіздің ойыңызша бүгінгі күні ұлттық құндылықтарды ұлықтай алып жүрміз бе?

– Мен олай деп айта алмаймын. Біз бала кезімізде қазақтың ырым-тыйым, салт-дәстүрінің бәрін білетін едік. Қазір соның бәрі шетінен кетіп жатыр. Бүгінде теледидарды қарауға жүрексінетін болдық. Экранды қосып қалсаң жын-шайтан сияқты. Шаштары алба-жұлба, жартылай жалаңаш, ылғи шайтан секілді секеңдеген, секірген біреулерді көресің. Өтірік күледі. Халықтың талғамы төмендеп барады.

Қазақ әу бастан, табиғатынан терең ойлы, философ халық. Ал мына бүгінгі көк жәшіктен көрсетіп жатқан дүниенің дені қазақтың табиғатына жат деп білемін. Осылай жалғаса берсе, біз нағыз ұлттық қасиеттерімізден айрылып қалуымыз мүмкін. Жастар өте еліктегіш келеді. Бұлар Батысқа еліктеп жатыр. Оның бәрі бізге үлгі, өнеге бола алмайды.

Бүгінгі шығып жатқан әндерде де сапа жоқ. Не мән, не мағына жоқ. Сөзінде құн жоқ. Сол мән-мазмұнсыз әндер сол жерде айтылады да, ұмытылады. Қазақтың халық әндерін алып қарашы, сол әндер мен күйлер әлі күнге дейін қазақпен бірге өмір сүріп келе жатыр. Неге? Өйткені олар қанша уақыт өтсе де мәні мен мазмұнын жоғалтпаған туындылар. Таза өнер үлгісі. Қазақтың бар болмысын көрсететін де сол туындылар.

Қазақ әнінің құдіретін бүгінгі ұрпақ бойына сіңіру үшін бесік жырын қайта қалпына келтіруіміз керек. Ұлттық әуен құлағына жасынан сіңбеген баладан патриот шықпайды. Ұлттық әннің құдіреті, киесі болады. Әсем ән адамды қанаттандырады, әсемдікке, табиғатты сезінуге баулиды. Қазақ даласы қандай кең болса, оның әндері де шалқар. Мен осындай қазынадан құр қалған ұрпаққа жаным ашиды. Жүрегін ән тербеп өспеген ұрпақ өз халқының да көкірегін аша алмайды.

Сосын қазір ұлттық киімдеріміздің де қадірін қашырдық. Қазақтың киімдерінің өзінің де киетін орны болады. Тіпті, қазір ұлттық киім киілмейтін де болды. Ұлттық киіммен жүргендерді Наурыз мерекесінің кезінде ғана көреміз. Сыйлы азаматтарға ғана жабылатын шапанның да қадірін қашырдық. Қазір шапанды кім көрінген тігеді, кім көрінген киеді. Тіпті, біздің дарақы халық екенімізді біліп алған қытайлар да қазір шапан тігеді екен. Жылайсың ба, күлесің бе осы жағдайға? Біз ата-салт, ата-дәстүр дегеннен айрылып жатырмыз. Мен жаңашылдыққа қарсы емеспін, бірақ біз қазақи қалпымызды сақтай отырып, жаңаруымыз керек. Мына жаһандану деген дәуір – өте қиын дәуір. Аз халықтар шабақ секілді жайындардың көмейіне жұтылып кетеді. Бізді ондайдан ұлттық тұтастық қана сақтайды.

Халықты бір бағытқа, бір мүддеге жетелейтін күш – идеология. Бізге ұлттық идеология қажет, қазақ халқының мүддесін қорғайтын, рухын көтеретін, тарихын, мемлекеттік тілін, салт-дәстүрін қолдайтын, туған жерін, Отанын қорғайтын идеология керек.

Қазақ халқы аңсап жеткен егемендігімізді сақтап, мемлекеттігіміздің ғұмырлы болуы жолында тер төккендердің бірісіз. Қиындықпен келген тәуелсіздіктің қадірін ұғына алып жүрміз бе?

– Тәуелсіздік бір күнде орнай қалған жоқ. Ешкімнің басына бақ бір күнде қона салмайды. Бұл біздің сан ғасырлар аңсап жеткен арманымыз еді. Тілдің, тарихтың, салт-дәстүрдің қайта жаңғыруына, ой-сананың қалыптасуына қызмет еттік. Мұндай қиындықпен келген тәуелсіздіктің қадірін түсінбеу де ағаттық болар. Десек те, біз енді тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін, оны баянды ету үшін өмір сүруіміз керек. Ел қамы, халық тағдырына қатысты істерде пейішке де, тозаққа да бірге кіруге тиіспіз. Ұлы Дала алдындағы жауапкершілік бізді бүгін осыған шақырып отыр. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры бізден осыны қажет етіп отыр.

Кезінде бас қаланы Алматыдан Астанаға (Нұр-Сұлтан) ауыстыруға қарсы болған екенсіз?

– Иә, қарсы болдым. Ол кезде жалаң аяқ, жалаң баспыз. Киерге киім, ішерге ас жоқ. Жұрт айлық ала алмай, қарттар зейнетақыға жете алмай, студенттер шәкіртақыға зар боп жүрген кез. Нұрекең сол әңгімені шығарғанда ойымды ашық айттым. «Мынадай қиын кезде не бар? Қалай көшесіз? Алатаудай сұлу таудың баурайында отырған елміз. Алматыны қалай қиясыз?» деген едім. Сөйтсем мен ол кезде Нұрекеңнің ойын толық түсінбеген екенмін. Оның мәні тереңде екен. Мұның бәрін кейінірек ұғындық. Мына Арқа жақтағы Қарағанды, Павлодар облыстарын, Шығыстағы Өскемен, терістіктегі Петропавл, Көкшетау – осының бәрінен айырылуымыз мүмкін екен ғой. Ол кезде мына Ақмолада қазақтар 9 пайыз ғана еді. Барлық облыстарда сондай болатын. Осы қалаларды сақтап қалу үшін көтерген екен бұл бастаманы.

Күнделік жазатыныңыз бәріне белгілі. Қазір күнделік жазуды жалғастырып жүрсіз бе?

– Қазір күнделік жазып жүргенім жоқ. Былтырдан бері күнделік жазуға зауқым болмай жүр. Алла сәтін салса, қайта жалғастырып қалармын.

Аға, дәл қазір не жазып жүрсіз?

– Қазір қарап отырғаным жоқ. Мен қай қызметте жүрсем де, қолымнан қалам түскен емес. Өткен жылдың аяғында «Ой толғау» атты кітабым шықты. Енді биыл жақында «Ұлы дала әдебиеті» деген кітап шығардым. Ол менің бұрынғы жазғандарымнан жинақталған.

Қазіргі ең маңызды еңбектерімнің бірі – «Қорқыт ата» кітабының аудармасы. PhD докторы Гүлім Шадиева есімді келіншек екеуміз 3 жылдан бері «Қорқыт ата» кітабын түпнұсқадан қазақшалаумен айналыстық. «Қорқыт ата» кітабының екі нұсқасы анықталған: бірі – Ватикан, екіншісі – Дрезден нұсқасы. Сол Дрезден нұсқасы оғыз-қыпшақ тілінде жазылған. Бұл кезінде орыс тіліне, одан бөлек түрік, әзірбайжан, түрікмен тілдеріне аударылды. Ал қазақшаға Әуелбек Қоңыратбаев тәржімалаған. Бірақ ол орыс тіліндегі нұсқадан аударды. Шәкір Ыбыраевтар түрік тіліндегі нұсқадан тәржімалады. Ал біз түпнұсқадан тікелей аударып, жақында бітірдік. Құдай қаласа, бұл да шығады. Бұл әдебиет зерттеулеріндегі айтарлықтай табыс болады деп ойлаймын. Баяғы Орхон ескерткіштерін аударғаннан кейінгі менің әдебиет тарихындағы ең үлкен еңбегім осы болмақ. Біз оның транскрипциясын, сөздігін, түсініктерін және факсимилесін беріп отырмыз.

– Жазарыңыз таусылмасын, аға! Аман болыңыз! Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен  Әсел ӘНУАРБЕК

Редакция таңдауы

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...
stroitelnyj pesok e1499924523797

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле...
kogda otkrojutsja fitnes kluby v rossii 1591470414895979029

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға...
myaso kolbasy ovoshhi zelen kapusta pomidory limon shashlyk shpazhki palochki sosiski podzharennye pomidor ogurec

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті...

Жаңалықтар

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...