Алматыда «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтті

10 маусым, 2019 / Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ
ашық дереккөзі
Алматыда «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтті Түбі бір түркі халықтарының басын қосқан осынау игі шара «Боралдай сақ қорғаны» археологиялық саябағында өтті. 20-ға жуық елден келген этномузыканттар мен спортшылар және аңшылар мен атбегілер өз өнерлерін паш етті. Ашылу рәсіміндегі отандық өнер шеберлерінің тарихтан сыр шертетін театрландырылған қойылымдары да көпшілік көңілінен шықты.