6 Маусым, 16:49 236 0 Білгенге маржан "Түркістан" газетінің авторлары

ӘЛЕМДЕ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР

Өмірде біз білмейтін адам таңқаларлық жағдайлар көп. Мәселен, Оңтүстік Африка Республикасы суық қару қолданып, адамға шабуыл жасау, тонау, зорлау жөнінен әлемде бірінші орында екен. Швейцарияда мектеп мұғалімінің айлық жалақысы 33 мың доллар шамасында. Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта тек түнде жауатын көрінеді. Денесіне түгел сурет салынған адам Шотландияның Скай қаласында тұрады. Оның терісінің 99 пайызына татуировка жасалған. Ол адамның екі жерінде ғана таңбаланған сурет жоқ. Аяғының башпайларының арасында және құлағының ішіне ғана татуировка салынбай қалған . Әлемдегі ең жылдам жүгіретін футболшылардың бірі – португалдық Криштиану Роналду. Ол сағатына 39,2 шақырым жүгіре алады. Әлемдегі 23 ұлт жылқыны киелі жануар деп есептейді. Соның бірі – қазақ халқы. Әлемде әрбір үшінші секундта дүниеге сәби келеді. Біздің өмір бойы жеген тамағымыздың салмағы 27 тонна болады екен, ал бұл 7 пілдің салмағына тең. АҚШ-та азаматтар түрмеге көп отырады. Себебі заңның күші өте қатал. «Жезді мұрт» Сталиннің бойының ұзындығы – 160 сантиметр болды. Сондықтан фотографтар оны көп жағдайда төменнен жоғары қарай түсірген. Сталиннің бір қолы екіншісінен сәл қысқалау болған. Осыған байланысты көп жағдайда ол бір қолын қалтасына салып немесе сигарет тартып тұратын болған.

 

Жарас Нұрболұлы,

Шәкәрім атындағы Семей

мемлекеттік университетінің

студенті

Соңғы жаңалықтар