Садақа – береке кілті
Садақа – береке кілті
Ертеде елге сыйлы, еңбекқор Ахмет деген тахуа болған екен. Оның қолының ашықтығына, қанша жерден қолдағы бар дүниесін елге таратса да дәулетінің ортаймайтынына таң болған Мирас есімді бозбала: «Сіздің қуса кетпес байлыққа жетуіңіздің сыры неде?», – деп сұраса керек.
Сонда Ахмет: «Барымды елге таратып беремін, сондықтан болар жаратушы жар болып жыл сайын өнімім еселеніп келеді. Садақа берсең сауапқа кенелесің, қолы ашық адамды Алла әрқашан қолдап,қорғап жүреді. Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында құрбандық шалып, садақа беру жайлы айтылған. Жасаған жақсылығың садақа болып саналу үшін ол үш ерекшелікке ие болуы керек:
– Мұқтаж жанға беру керек.
– Алла разылығы үшін берілуі тиіс.
– Берілген садақа адал еңбегіңмен келген, өз табысың болуы міндет. Менің садақам сауабымен бірге еселеніп өзіме қайтып жатыр», – депті.
«Садақаны сауыңда бер» деп бекер айтпаса керек. Кейде басымызға іс түсіп мертіккенде ғана жеті шелпек таратып, садақа беретініміз бар . Сол сауапты істі ертерек істесек бәленің басын қайтарар едік. Садақаларыңыз қабыл болсын!
Аян Алдабергенов