Түркіменстанда әйелдердің көлік жүргізу куәлігін алуы қиындады

Түркіменстанда әйелдердің көлік жүргізу куәлігін алуы қиындады

Түркіменстанда әйелдердің көлік жүргізу куәлігін алуы қиындады
ашық дереккөзі
Түркіменстанда көлік жүргізу куәлігін алғысы және ескісінің мерзімін создырғысы келген әйелдер түрлі кедергілерге тап болды. Азаттық радиосының Түркімен қызметінің хабарлауынша, Ашғабад полициясы әйелдерге жаңа көлік жүргізу куәлігін беруден және ескісінің мерзімін созудан бас тартқан. "МАИ қызметкерлері: "Әйелдерге куәлік берілмейді" деп ашық айтады", - деп хабарлады Азатлык тілшісі. Оның айтуынша, астанада әйелдердің көлік жүргізу куәлігін алып қойып жатыр. Түркіменстанда көлік жүргізу куәлігі 10 жылға беріледі. Ашғабад көшелерінде көлік жүргізген әйелдердің куәліктерін алу науқаны биыл ақпан айының ортасында басталды. Ашғабад полициясы көлік басқарған әйелдерді тоқтатып, олардың куәліктерін түсіндірместен алып қояды. Бірақ олар мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін әйелдерге тиіспейді.