Өзара ынтымақтастық туралы меморандум
Өзара ынтымақтастық туралы меморандум
Алматы қаласы Алатау аудандық сотында дауды (жанжалды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарының тұрғындар арасында қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша бітімгершілік процедурасын қолданудың артықшылығын түсіндіретін оңтайлы топ құру, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды жан-жақты дамыту және белсенді түрде өзара әрекеттерді күшейту мақсатында төрт жақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандум бекітті.
Меморандумға Алматы қаласы Алатау аудандық сотының төрағасы Д.Тілеубаев, Алматы қаласы Алатау аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Ертаев, Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Б.Абильбеков, Алматы қаласы бойынша «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ директоры Канат Созақбайұлы қол қойды.