Жапонияда әйелдер биік өкшелі туфли киюге қарсы шықты
Жапонияда әйелдер биік өкшелі туфли киюге қарсы шықты
Жапонияда әйелдер жұмыс уақытында арнайы дресс-кодпен биік өкшелі туфли киюді міндеттейтін ережеге қарсы шықты. Бұл бастаманы актриса әрі жазушы Юми Исикава көтерді деп хабарлайды The Guardian.
Кампанияға қатысушылар әлеуметтік желіде #KuToo флешмобын бастады. Kutsu (туфли) және kutsuu (ауыру) сөздері #MeToo хештегіне жалғанды. Белсенділер үкіметтен әйелдерге биік өкшелі аяқ-киім киюге ресми тыйым салуды талап етті. Петицияға кемінде 19 мың әйел қол қойған.
Бұл бастаманы көтерген актриса іскер әйелдердің дресс-код талабын гендерлік кемсітушілік және сексуалдық алымсақтық деп атады.
2017 жылы бірқатар канадалық компаниялар әйелдерге биік өкшелі туфли киюге тыйым салған. Осы жылы дәл осындай талап Филиппинде қабылданған.