Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

ашық дереккөзі

ТҮРКІСТАН АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында  31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған  іс-шаралар өтті. Алдымен Түркістан қаласындағы жоғары медицина колледжінде өткен жиында қатысушылар Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Еске алу шарасында сөз сөйлеген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев ХХ ғасырдағы ашаршылықта миллиондаған қандасымыз қырылып, елдің қаймақтары саналатын ұлт қайраткері саяси қуғын-сүргінге ұшырағанын айтты.

 

Осы күні Түркістандағы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп лицейінде, Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектебінде және М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-лицейінде де еске алу шаралары өтті. Сонымен қатар Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театрында Д.Исабековтың «Өйтпесе Мағжан бола ма?» спектаклі көрермен назарына ұсынылса, музейлерде ашаршылық құрбандарына арналған көрме ұйымдастырылды.