Әскерилер мінген тікұшақ апатқа ұшырады
Әскерилер мінген тікұшақ апатқа ұшырады
Украинада болған апат елдің қабырғасын қайыстырғандай. 30 мамыр Львов облысында аза тұту күні болып жарияланды. Елдің мемлекеттік тергеу бюросы апатқа не себеп болғанын анықтауда
Ровенская облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, әскерилер қаза болды. Қайғылы оқиғадан кейін Львов облысында аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости Львов облыстық әкімшілігіне сілтеме жасап.
Тікұшақтың апатқа ұшырағаны туралы Украина Құрлық әскерлерінің өкілдері хабарлады.
"Әуе апаты салдарынан Украина Қарулы күштері Құрлық әскерлері армиялық авиациясы 16-шы жекелеген бригадасының командирімен бірге экипаждың төрт мүшесі мерт болды", - делінген хабарламада.
Әуе апатының себептері анықталып жатыр, деді Құрлық әскерлерінің өкілдері.
Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы оқиғаны тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.