МҰЗ САРАЙЫ САТЫЛДЫ

МҰЗ САРАЙЫ САТЫЛДЫ

МҰЗ САРАЙЫ САТЫЛДЫ
ашық дереккөзі
Рудныйдағы мұзды спорт сарайы gosreestr.kz сайты арқылы 103,3 млн теңгеге сатылды. Негізі, gosreestr.kz порталында бастапқы баға 103,2 млн теңге деп көрсетілген болатын. Ғимарат Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Рудный-2017» спорт клубы» КМҚК меншігінде болып келді. Осыдан үш жыл бұрын спорт сарайын 1,6 млрд теңгеге күрделі жөндеуден өткізілу жоспарланған еді. Алайда жергілікті билік мұндай қомақты қаражатқа жаңа спорт орталығын салғанды тиімдірек санады. «Мұз сарайының жалпы алаңы 5793,7 шаршы метрді құрайды, жертөле қабаты бар бір қабатты ғимарат. Ол 1980 жылы салынған. 19 сәуірдегі мүлікті бағалау кезінде нысанның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Бағалаушылар мұз алаңын қайта жаңарту қажет екенін атап өтті», - делінген бағалау туралы есепте. Айта кету керек, бұл спорт ғимараты Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Горняк» хоккей клубының ойын алаңы саналады.