«ҰЛЫ ДАЛА – КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» халықаралық этно-мәдени фестивалі шақырады

30 мамыр, 2019 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
«ҰЛЫ ДАЛА – КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» халықаралық этно-мәдени фестивалі шақырады Құрметті, Алматылықтар және қала қонақтары! Сіздерді 2019 жылдың 7,8 маусым күндері Боралдай сақ қорғандарында өтетін «ҰЛЫ ДАЛА - КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» халықаралық этно-мәдени фестивалін тамашалауға шақырамыз. Шараның басты мақсаты – қазақстандықтар мен шетелдік қонақтарға көшпенділер мәдениетін, ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету. Биылғы фестивальдің айырмашылығы, алыптар арасында күш сынасу сайысы өтеді. Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульниковтың тобы алыптар шоуын ұсынады. Ал көрермендер арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдарды әзірлеу және қолөнер бойынша қызықты шеберлік сабақтары өтеді. Фестивальға Мажарстан, Моңғолия, Башқұртстан, Тыва, Украина, Дағыстан, Қалмақ Республикасы,Таулы Алтай,  Өзбекстан, Якутия, Бурятия, Саха Республикасы және Қырғызстан сынды 18 елден жиналған ең мықты этномузыканттар мен спортшылар қатысады. Фестиваль аясында:      а) Саятшылардың шоу бағдарламалары; ә) Алыптардың шоу бағдарламалары; б) әр мемлекет өнерпаздарының шоу бағдарламалары және т.б.   БҰЛ СІЗ БЕН БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ! ФЕСТИВАЛЬГЕ КІРУ ТЕГІН «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағындағы фестиваль аймағына арнайы автобустар сағат 9.00-ден бастап келесі аялдамалардан жүреді:  
  1. Абай даңғылы - Байтұрсынұлы көш. қиылысы (Сәтбаев пен Абай көшелерінің ортасында);
  2. Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры
(Шаляпин к-сі, 22, театр алдында);
  1. «Алатау» дәстүрлі-өнер театры (Нұркент шағын ауд., 6 театр алдында);
  2. «Алматы - 1» теміржол вокзалы (Автобустар аялдамасынан)
Билет бағасы: 100 тг. WhatsApp: 87016888486