Трамп әкімшілігін сотқа берді
Трамп әкімшілігін сотқа берді
Калифорния штатының билігі мен теміржол басқармасы АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігін сотқа берді, деп хабарлайды
24.kz арнасы.
Арнаның хабарлауынша, федералды көлік министрлігі жоғары жылдамдықты магистраль салуға бір миллиард доллар бөлу туралы шешімнің күшін жойған. Олардың айтуынша Калифорния штаты жобаның құнын күн сайын көтеріп, құрылысты шала жүргізіп отыр. Ал, штат билігі болса бөлінген қаржыға Вашингтонның араласатын құқығы жоқтығын айтады.
Айта кетейік, дау тудырған қаражатты бөлу туралы шешім 2010-шы жылы Барак Обама билікте болғанда қабылданған. Жүрдек пойызға арналған жол Лос-Анджелес пен Сан-Францисконың арасын жалғауы керек болатын. Соңғы кездері жобаның шығыны көбейіп, аяқталу мерзімі ұзарып кеткен.