Қолжетімді интернет: Илон Маск айтты, істеді

Қолжетімді интернет: Илон Маск айтты, істеді

Қолжетімді интернет: Илон Маск айтты, істеді
ашық дереккөзі
Бірнеше жылдан бері айтылып келген Starlink жобасы аспанға ұшырылды. Жақын арада әлемнің кез келген нүктесінен интернетке қосылу қолжетімді болуы мүмкін. Илон Маск өзінің талай жылғы мақсатын бүгін түнде жүзеге асырды. 24 мамырда SpaceX компаниясы Флорида штаты Канаверал мүйісінде АҚШ ӘҚК базасынан 60 интернет-байланыс спутнигі ұшырды. Бір сағат өткеннен кейін, Жерден 270 миль биіктікте Starlink спутниктер тобы оларды орбитаға жеткізген зымыраннан ажырады. Бұл жайында Илон Маск Twitter-дегі ресми аккаунтында айтты. Сондай-ақ спутниктер тобының сәтті ұшырылғанын растап, сурет те жариялады. Компанияның жоспарына сәйкес, келесі жылы Starlink жүздеген спутнигі Жердің үстіндегі «шоқжұлдызға» айналып, әлемнің кез келген нүктесінде интернетті қамтамасыз ететін болады. Спутниктердің әрқайсысы 500 фунтты құрайды. Олар тек күн батареясымен жұмыс істейді. 2015 жылы SpaceX компаниясы Starlink жобасын интернетке жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатымен жасады. Жоба аясында 11 мың спутник орналастырылады. Бұл жобаға 10 млрд АҚШ доллары жұмсалмақ.