Димаш Құдайберген жеке альбомын шығарады

Димаш Құдайберген жеке альбомын шығарады

Димаш Құдайберген жеке альбомын шығарады
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген мүшел жасқа толды. Отандасымыз әлеуметтік желідегі парақшасында: "Туған күнімнің құрметіне алғашқы жеке альбомым шығатын күнді жариялаймын. 14.06.2019", – деді. Бірақ альбомның атауы әзірге белгісіз. Димаш Қанатұлы 1994 жылы дүниеге келді. Витебсктегі "Славян базары 2015" байқауының гран-при иегері, ABU TV song халықаралық фестивалінің қатысушысы, "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты, "Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін" ҚР президентінің құрмет грамотасымен марапатталған. Мәдениет саласының үздігі.