Жаңалықтар

Талғарлық жасөспірім жоғары сынып оқушыларының қолынан қаза тапты

ашық дереккөзі

Талғарлық жасөспірім жоғары сынып оқушыларының қолынан қаза тапты

Алматы облысының 9-шы сынып оқушысы жоғары сынып оқушыларының қолынан қаза тапты. КТК телеарнасының хабарлауынша, Шахзат Махаметов төбелес кезінде мерт болған. 

Қайғылы оқиға түс кезінде орындалған. Сабақтан шыққан оқушылар жәбірленушіні қалың қамыстың арасына ертіп әкетіпті. Содан кейін Шахзат үйіне қайта оралмаған.

9-сыныпта оқитын жасөспірім №2 мектепке биыл ғана ауысып келген екен. Осыған дейін мектептің өзге оқушыларымен ренжісіп көрмеген Шахзаттың тәртібі де, оқу үлгерімі де жақсы болыпты. 15 жасар баланың қазасы Талғар қаласын аяқтан тік тұрғызды. Қара жамылған ата-ананың айтуынша, оны жоғары сыныптың 12 оқушысы өз тәртіптеріне көндірмек болып, жабылып ұрған.«Смотрящий» деген түрменің заңы. Сұмдық қой. Бір балаға 12 бала жабылды деген сұмдық қой ол. Біреу ұрды деп ешқашан арыз айтпаған бала”, – дейді  Шахзат Махаметовтің туыс ағасы Нұрлан Сабыров.

Ал жергілікті билік өкілдерінің оқиға туралы көзқарасы басқа. Олардың пікірінше, өзара келісе алмаған екі бала ақыры төбелесіп, арты қайғылы жағдаймен аяқталған. Қалай болғанда да, шындық көп ұзамай ашылып, кінәлілер жазалануы тиіс. Әйтпесе, жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбейіп барады.